Жарияланған күні: 17.09.2025
Петропавлда бес қабатты үйден 42 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Петропавлда көпқабатты үйдің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер 42 адамды қауіпсіз жерге шығарып, оның ішінде 5 бала болды.

Мамандардың айтуынша, өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде шыққан. Жалынның таралуына қуаттау құрылғысының қысқа тұйықталуы себеп болды. Осыған орай құтқарушылар тек түпнұсқа немесе сертификатталған зарядтау құрылғыларын қолдануға кеңес береді.
— Телефонды қуаттауға қойып, қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе түнде, гаджетті жастықтың астында, төсекте немесе матамен жабылған жерде қуаттамаңыз, салдарынан қызып, өртке әкелуі мүмкін. Құрылғыларды ылғалды жерде немесе күннің астында зарядтамаңыз. Зақымданған сымдар мен адаптерлерді қолданбаңыз, — дейді мамандар.
200 сотталған қаржылық сауатын арттырмақ

