Жарияланған күні: 18.09.2025
СҚО-да тілсіз жау 3 адамның жанын құшты
М.Жұмабаев ауданындағы Полтавка ауылында қыркүйектің 17-ші жұлдызы күні оқыс оқиға орын алды. Жеке тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, 3 адам қайтыс болды.
СҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жіберілді. Құтқарушылар келген бойда үйді ашық жалын шарпыды. Өрт сөндіру барысында үйдің ішінен үш адамның мәйіті табылды: 1968 жылы туған әйел және 1981, 1979 жылдары туған екі ер адам.
Жалын жалпы ауданы 40 шаршы метрді қамтыған. Өрт толықтай сөндірілді. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 8 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды.

