Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл тұрғыны былапыт сөйлеп жазаға тартылды

Петропавл тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды.


Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, әкімшілік іс Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Ш. атты ер адам TikTok әлеуметтік желісінің белсенді пайдаланушысы. Ол өзінің қатысуымен былапыт, бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны жұрт назарына жариялаған.

Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі – «ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп танып, 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Облыс әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *