Петропавлда полицейлер таяқ тартудан бақ сынады
Солтүстікқазақстандық полицейлер ұлттық ойын таяқ тартудан мықтыларды анықтады. Жарыста 70-тен астам қызметкер бақ сынады.

Ұлттық таяқ тарту ойыны көпшілікке мас-реслинг деген атпен белгілі. Бұл республикалық сайыстың іріктеу кезеңі. Жарысты облыстық полиция департаменті арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері ұйымдастырған.
Күш пен ептілікті қажет ет етін жарыс бес салмақ дәрежесінде өтті. Бірінші жалпы командалық орынды ПД аппаратының қызметкерлері алды. Ал, екінші және үшінші орынды Тимирязев ауданы мен Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімдерінің командалары бөлісті. Бес жеңімпаз республикалық жарыста облыс атынан өнер көрсететін болады. Оған ҚР құқық қорғау органдарының, күштік және арнаулы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатысатын болады.

