СҚО әкімі Тайынша ауданына барды
Тайынша ауданы өнеркәсіптік өсім бойынша оң динамика көрсетіп отыр. Қазір мұнда 20-ға жуық өнеркәсіп ошақтары табысты жұмыс істеуде. Инвестиция одан әрі тарту мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «№6 Субаймақты» ашылатын болады. Мақсат – өңдеуші өнеркәсіпке тың серпін беріп, жаңа инвестициялық кезеңді бастау.

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Тайынша» теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен таныстым. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ ауданының отбасыларымен кездесті. Одан бөлек, аудан тұрғындарымен кездесіп, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Цифрлық трансформация – өңір дамуының маңызды бағыты.
Тайынша ауданында SKO Hub мамандарының қатысуымен оқыту шаралары өткізілуде. Бұл жергілікті кадрларға цифрлық құралдар мен технологияларды игеруге көмектеседі.

