Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да иттерден 1 мыңнан астам адам зардап шекті

Солтүстік Қазақстан облысында адамда құтырма ауруы соңғы рет осыдан жеті жыл бұрын тіркелсе де, суықтың түсуіне байланысты мамандар қауіпсіздік шараларын еске салды.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, биылғы сегіз айда 1189 адам құтырмаға қарсы көмек сұраған. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 8,2% көп. Мәселен Петропавлда биыл 59 адам дәрігер көмегіне жүгінген, бұл былтырғымен салыстырғанда 10% артық.

Ит қауып, тырнаудан 754 адам немесе 63%, 353 адам немесе 30% мысықтардан зардап шеккен. Сондай-ақ, 82 адамды егеуқұйрық, тышқан, тиін тістеп алған. Олардың барлығына құтырмаға қарсы вакцина егілді.

— Жалпы СҚО бойынша жағдай тұрақты. Бірақ республика аумағында биыл құтырмамен ауыру фактілері тіркелді. Биыл екі адам осы аурудан қайтыс болды. Біреуінде үйдегі күшік қапқан, екіншісінде үй мысығы тырнаған. Зардап шеккендер уақыт өткізіп, тек жағдай ушыққанда, 1-1,5 айдан кейін ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Алдын алу екпесі жасалмағандықтан, оларды аман алып қалу мүмкін болмады, — дейді Арман Күшбасов.

Бүгін — Еңбек күні!

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *