Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда абаттындыру ережесін бұзудың 5 мыңға жуық фактісі анықталды

Петропавлда абаттандыру ережесін бұзған азаматтар анықталды.

Қарим Сүтюшев көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын азамат құрылыс қалдықтарын шығарып тастағаны үшін жауапқа тартылды. Ал тұрғын үйдің меншік иелері бірлестігінің төрағасы Виталий Волковтың айтуынша, бұл мәселені тек айыппұлмен шешу мүмкін емес — адамдар ең алдымен ортақ жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов абаттандыру ережелерін сақтау бүгінде аса өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

– Бұл тек коммуналдық қызметтің, учаскелік инспектордың немесе тұрғын үй кооперативтерінің жұмысы емес. Ең алдымен, бұл – әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі. Естеріңізге саламыз: көлемді қоқыс пен жиһаз заттарын контейнер алаңына шығару абаттандыру ережесін бұзу болып саналады. “Заң және Тәртіп” қағидатын жүзеге асыру күнделікті іс-әрекеттен, жауапкершілікпен қараудан және айналаға құрметтен басталады, – деді ол.

Жалпы, жыл басынан бері Петропавл қаласында полицейлер абаттандыру ережесін бұзудың 4800-ден астам фактісін тіркеп, хаттама толтырды.

Петропавлда есірткі сатқан елордалық тұрғын ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *