Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Биыл Копай шағынауданында көпқабатты үй беріледі

Копай шағынауданы қарқынды дамып келеді. Ескі әрі апатты үйлердің орнына заманауи көпқабатты тұрғын үйлер салынуда. Жобаны іске асырудың бастапқы кезеңдерінде бірқатар қиындықтар туындаған болатын. Салдарынан пәтер кезегінде тұрғандар баспаналарын үш жылдан астам уақыт күтіп қалды.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толық тұрақтандырылып, жоспарлы түрде жүзеге асуда. Қазан айының соңына қарай жаңа тұрғын ауданындағы алғашқы үй тапсырылмақ. Қазіргі таңда үйдің айналасын абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында.

Құрылыстың қаржыландыруы облигациялық қаражат есебінен жүргізілуде. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ арқылы тапсырылатын болады. Басымдық әлеуметтік осал топтарға беріледі: пәтерлердің 70%-ы осы санаттағы азаматтарға, оның ішінде 20%-ы ата-анасының қкмқорлығынсыз қалған азаматтарға, ал қалған 30%-ы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналмақ.

Жалпы, осы жылдың соңына дейін Копай шағын ауданында барлығы алты көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы да жоспарланған.

Петропавлда жаңа мұз айдыны қолданысқа беріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *