Жарияланған күні: 20.10.2025
Петропавлда «Тең мүмкіндіктер» атты фестиваль өтті
Александр Винокуров атындағы спорт сарайында «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының және дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорттық фестивалі өтті. Шараға 60-тан астам жасөспірім қатысты.

⠀
Фестиваль барысында 3-4, 5-6 және 7-8 сынып оқушылары арасында бочча, көңілді старттар және жеңіл атлетикадан жарыстар ұйымдастырылды. Балалар спортқа деген ынтасын көрсетіп қана қоймай, өз күштеріне деген сенімдерін арттыра алды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар 4-7 қараша күндері Астана қаласында өтетін республикалық фестивальге қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының атынан өнер көрсететін болады.
⠀
— Инклюзивті спортты дамыту – партиямыздың басты бағыттарының бірі. Біз барлық балаларға тең мүмкіндік жасауға ұмтыламыз. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың белсенді өмірге, спортқа араласуына жағдай жасау – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Осындай іс-шаралар балалардың өздеріне деген сенімін арттырып, қоғам тарапынан қолдау бар екенін сезіндіреді, – деді «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Женис Асанов.
⠀
«AMANAT» партиясы инклюзивті білім мен спорт саласын дамытуға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді. Партия ерекше қажеттіліктері бар балалардың қабілеттерін ашуға және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау жұмысын жалғастыра бермек.

