Петропавлда мектебін жармақ болған әзілқой ұсталды
Қазананның 20-сы күні Петропавлда әзілқой оқушы ұсталды. Қаладағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу барлық жедел қызмет — тәртіп сақшылары, қызметтік иттері бар кинологтер және жарылғыш заттарды залалсыздандыратын мамандар жіберілді. Мұқият тексерілгенімен, ғимараттан күдікті зат табылған жоқ.

Тергеу барысында арнайы қызметтерді аяғына тік тұрғызған осы мектептің 14 жастағы оқушысы екені анықталды. Ол осылайша «әзілдемек» болған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір ювеналды полиция инспекторлары мен педагогтер жасөспіріммен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Полиция жарылғыш зат қойылғандығын жалған хабарлау ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Заң бұзушыларға 5 мың АЕК дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру түріндегі жаза көзделген.
Петропавлда балалар үйі тәрбиеленушілерінің тұсауы кесілді

