Жарияланған күні: 24.10.2025
Петропавлда «Үздік шебер» байқауы өтті
Петропавлдағы Б.Ашимов атындағы машина жасау колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Үздік шебер» байқауы өтті. Облыс орталығының студенттері мен жас мамандары кәсіби шеберліктерін сынап, өз білімдері мен тәжірибелерін көрсетті.
Шараны Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды. Байқауға 20 жас маман қатысып, төрт техникалық бағыт бойынша сынға түсті: автослесарь, электрик, токарь және дәнекерлеуші. Мұндай сайыс соңғы рет 2023 жылы өткізілген болатын. Биыл дәстүр жалғасын тауып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталды.

Шараға Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қатысып, жас шеберлердің жұмысын тамашалады және өңір үшін кәсіби кадрлардың маңыздылығын атап өтті. Байқау жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етілді.

