Ухабов көшесіндегі өрт оқиғасы
Петропавлдағы Береке шағынауданында өрт оқиғасы орын алды. Оқыс жағдай Ухабов көшесіндегі үйлердің бірінде тіркеліп, ауыр жарақат алған зейнеткер жансақтау бөліміне жеткізілді.
ТЖД ақпаратына сәйкес, өрт оқиғасы қазанның 29-на қараған түні орын алды. Екінші қабаттағы пәтердің бірінен шыққан от баспанадағы жиһазды шарпып үлгерді. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Осылайша, 10 адам құтқарылды, оның үшеуі бала.
Сондай-ақ күйік шалған зейнеткер дереу ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, тілсіз жау оның денесінің 30 пайызын шалған. Әзірге науқастың денсаулығы бірқалыпты, қазіргі уақытта ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Күйік шалған зейнеткер қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

