Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда қалалықтар вейптарды өз еріктерімен тапсырды

Облыс көлемінде «Вейп тапсыр — денсаулықты таңда!» акциясы өтіп жатыр. Мұндай шараның бірі Петропавлдағы сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылды. 

Шара барысында қалалықтар өз еркімен электрондық темекілерін құқық қорғау органдарының өкілдеріне тапсырды. СҚО прокуратурасының ақпаратына сай, вейпті сатқан немесе таратқан адамдарға жаза қарастырылғанын атап өткен жөн.

— Вейпті сақтаған, сатқан, таратқан жандар ҚР ҚК 301-бабының 1 тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады, — деді СҚО прокурорының аға көмекшісі Максим Доровик

Жастардың денсаулығын сақтауға бағытталған акция облыстың барлық аудандарында да өтті. Шара адам көп жүретін орындарда ұйымдастырылуда. Петропавлда өткен акция барысында тұрғындар 30-ға жуық вейпті құқық қорғау органдарының өкілдеріне тапсырды.

Назарбаев зияткерлік мектебінде жас педагогтер форумы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *