Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО делегациясы ресми сапармен Татарстан Республикасында жүр

Солтүстік Қазақстан облысының ресми және іскерлік делегациясы Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановтың шақыртуымен Қазан қаласына іс сапармен барды.  Іс-сапар Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев пен Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Искаковтың қолдауымен жүзеге асып отыр.

Ресми кездесу барысында өңірлеріміз арасындағы өнеркәсіп, инвестиция және инновациялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқыланды. Одан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Татарстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

— Бұл іссапар аймақаралық байланыстарды нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз қалап отыр. Сондай-ақ өңірлеріміздің тұрақты өсуі мен өркендеуі үшін жаңа серпін беріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен серіктестікті одан әрі нығайтуға елеулі үлес қоспақ,- деді өңір басшысы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *