Петропавлда ата-аналар арасында турнир өтті
Петропавлда қала мектептері арасында волейболдан жарыс бастау алды. Бұл жарыстың ерекшелігі — ойын алаңында оқушылар емес, олардың ата-аналары өнер көрсетті. Жеңіс үшін 14 команда өзара күш сынасты. Ата-аналар арасындағы мұндай жарыстар бір жағынан спорттық бәсекені арттырса, екінші жағынан мектеп қауымдастығын біріктіруге сеп болуда.

Петропавлда мектеп ата-аналары арасында ұйымдастырылған «Достық» волейбол лигасы алғаш рет қалалық деңгейде өтті. Биыл турнирге 14 мектептің ата-аналар командасы қатысты. Олар бірнеше топқа бөлініп, ойындар айналым жүйесі бойынша өткізілді. Жарыстың басты мақсаты — ата-аналар арасындағы бірлікті арттырып, саламатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс наурыз айына дейін жалғасады. Алдағы уақытта облыстық кезең өткізу жоспарланып отыр. Оған аудандық және ауыл мектептері қатыспақ.

