Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Светлана Громованың көрмесі жұрт назарына ұсынылды

Петропавлда жерлесіміз, суретші және фотограф Светлана Грумованың алғашқы жеке көрмесі өтті. «Как есть» деп аталған көрмеде автор өмірдің шынайы сәттерін, табиғаттың және адамның табиғи болмысын көрсетуді мақсат еткен. Бұл жерде барлығы 26 жұмыс қойылған. 

Автор көрмені Петропавлда өткізуді тегіннен-тегін таңдамаған. Себебі бұл қала оның туған жері және шабыт беретін мекені екенін айтуда.

— Петропавл мен үшін ыстық. Бұл қаланы мен сүйемін. Қалалықтарға өз тартуым ретінде осы көрмені ұйымдастырдым, — дейді Светлана Громова.

Көрменің басты мақсаты шынайылықты көрсету және шығармашылыққа шабыт беру. Суреттерде ешқандай өңдеу, фильтр, жасандылық жоқ. Автордың айтуынша, бұл адамдарға өз болмысынан ұялмауға, өмірді сол күйінде бағалауға үндеу. Көрме аясында «Яблоко, как есть» атты шығармашылық байқау да ұйымдастырылған. Ол 10 күнге созылды. Байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен қатысқан. Туындысы ерекше көзге түсіп, жеңімпаз атанған Александр Кузичев.

Автор мен қатысушылардың айтуынша, мұндай іс — шаралар өңірдің шығармашылық ортасын дамытуға серпін береді. Көрме көрерменге өмірді бар қалпында сүюге және әрбір сәттің сұлулығын көре білуге үндейді.

Петропавлда ата-аналар арасында турнир өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *