Әскери академияның курсанттары жеңіс тұғырынан көрінді
Петропавлдағы әскери академияның курсанттары халықаралық жарысқа қатысты. Жас гвардияшылар қоян-қолтық ұрыстан өткен турнирде командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Жоғары оқу орнының мәліметінше, жарыс қарашаның 1-і мен 2-сі күндері аралығында Қостанай қаласында өтті. Әлем чемпионы, полиция майоры Руслан Мұхановты еске алуға арналған турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар жиналды.
1–2 қараша күндері Қостанай қаласында полиция майоры, әлем чемпионы Руслан Мухановты еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыс бойынша халықаралық турнирөтті. Байрақты додаға бірнеше елдің үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

67 келі салмақ дәрежесінде – 3-курс курсанты Айдын Қабдусәлімов бірінші орын, 73 келі салмақ дәрежесінде сержант Байбол Қуанышовтар бірінші орынға ие болды. Тамирлан Жолдыбаев пен Ескендір Жайықбаев турнирдің күміс жүлдегерлері атанды. Ал командалық есепте Ұлттық ұлан академиясының құрама командасы бірінші орынды иеленді.

