Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда сауда павильондары отқа оранды

Бүгін Петропавлда бір тәуліктің ішінде екі ірі өрт оқиғасы тіркелді. Бірі — Интернационал және Астана көшелері қиылысында орын алды. Сауда павильоны қызыл жалынға оранды. 

СҚО ТЖД мәлеметінше, «Алтын арман» базары маңындағы өрт оқиғасы жұрттың назарына бірден ілекті. Оқиға орнына бірден өртсөндірушілер жіберілді. 

— Қызыл жалын тез павильонды орады. Шағын ғана сауда орында 380 вольт электр қуаты тартылғандықтан, құтқарушылар отты ауыздықтауға қиынға соқты. Дегенмен, уақытылы өрт ауыздықталды, — дейді баспасөз қызметі.

Екінші өрт оқиғасы 3-ші Сенная, 56 А мекенжайы бойынша жеке кәсіпкерліктің аумағында орын алды. Күзетшінің бөлмесі жанып, от қойманың шатырына ауысты. Шамамен 273 шаршы метр аумақ өртке оранды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 13 техника мен 38 құтқарушы жұмылдырылды. Әзірге, өрттің неденг шыққаны белгісіз. 

Петропавлда «ақылды технологиялармен» сотталғандар бақылауға алынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *