Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады

Әлеуметтік желіде СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен жерлестерімізді құттықтады. Өңір басшысы өз жазбасында жылы лебізін жеткізіп, аталмыш саланың маңыздылығына тоқталды. 

— Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері!— Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! 
Сіздердің жанкешті еңбектеріңіз, терең кәсіби білімдеріңіз бен іске деген зор жауапкершіліктеріңіз өңіріміздің тұрақтылығы мен дамуы үшін айрықша маңызды. Сіздердің жоғары біліктіліктеріңіздің арқасында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, халықтың өмір сүру сапасы артып, аграрлық сала нығайып, ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер жасалып келеді.
Осы мерекелі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, тұрақтылық және жаңа жетістіктер тілеймін.
Үйлеріңізде әрдайым тыныштық, молшылық және береке орнасын! — деп жазды СҚО әкімі. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *