Жарияланған күні: 17.11.2025
Конституция көшесіндегі үйлер жаңартылады
Биыл Петропавлдың басты көшесі жаңартылғаны белгілі. Жаяу жүргіншілер серуендейтін жол жөнделіп, жаңа субұрқақтар пайда болды. Енді кезек бұл «арбаттағы» үйлерге келді. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев айтты.

Қала әкімінің айтуынша, Конституция көшесіндегі ескі тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту қажет. Үй қаптамаларын жаңарту және жарықтандыру мәселесін шешу бизнестің қаржысын тарту арқылы жүзеге аспақ.
— Арнайы панельдер жасалады, сол панельдермен қаптап, жарықтандырамыз. Қаланың басты көшесі жарық әрі жайлы болуы керек, – деді қала әкімі.

