Петропавлда 9 айдың ішінде 1436 бала дүниеге келді
Петропавлда 9 айдың ішінде 1436 сәби дүние есігін ашты. Бұл облыс бойынша туған балалардың 41 пайызын құрап отыр.
Ұлттық статистика брюосы департаментінің мәліметінше, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында облыста 3481 бала туды. Оның 1840-ы ұл болса, 1641-і қыз бала екен.
Аудандар арасында көш басында Уәлиханов ауданы, кейін Ақжар, Шал ақын, Айыртау аудандары тұр. Ал Мамлютка, Қызылжар, М.Жұмабаев және Аққайың аудандарында сәбилердің дүниеге келу көрсеткіші бойынша көш соңында келе жатыр.
Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында облыста 4428адам қайтыс болды. Негізгі себептердің бірі науқастарда қан айналымы жүйесі және жүйке жүйесі аурулардың асқынуы болды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста 2188 неке тіркелді. Сондай-ақ 1243 жұп айырылысқаны мәлім.
Конституция көшесіндегі үйлер жаңартылады

