Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлға есірткі жеткізбек болған азамат ұсталды

СҚО-да полицейлер есірткі тасымалымен айналысқан күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары Петропавл қаласына аса ірі көлемде есірткі жеткізді деген күдікке ілінген елорданың 35 жастағы тұрғыны басқарған «Kia Cerato» автокөлігін тоқтатып, күдіктіні құрықтады.

Көліктің жүк салғышынан төрт түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама олардың жалпы салмағы 608 грамнан асатын синтетикалық есірткі — альфа пвп және мефедрон екенін анықтады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жыл басынан бері өңірде полицейлер 120 есірткі өткізу фактісін тоқтатып, заңсыз айналымнан 5 килограмға жуық синтетикалық психотроптық затты тәркіледі. Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу — полицияның негізгі жұмысының бірі.

Петропавл қаласының әкімі «Бірлік» шағынаудан тұрғындарымен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *