Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Қуатты әйел» жобасы аясындағы кездесу

Петропавл қаласының Бірінші гимназиясында «AMANAT» партиясының әйелдер қанаты жүзеге асырып жатқан «Қуатты Әйел» өңірлік жобасы аясында кездесу өтті.
Кездесуге өңірдің дамуына үлес қосқан нәзік жандылар шақырылды. 10-11 сынып оқушылары СҚО-ның түрлі салаларында еңбек етіп жүрген әйелдердің жұмысы, кәсіби тәжірибесі және өңір өміріндегі рөлі туралы ақпарат алды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды өңірдің белсенді әйелдерімен таныстыру және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту. Қатысушылар сондай-ақ өзара қолдау, құрмет және қоғам өміріне қатысудың маңыздылығын талқылады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *