Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда азаматтарды қабылдау күні аясында 703 адам өз сауалын жолдады

Облыста аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен Оқушылар сарайында бірыңғай тұрғындарды қабылдау күні өтті. Оған мемлекеттік, құқық қорғау және атқарушы органдардың басшылары, аудандардың және селолық округ әкімдері қатысты.

Оқушылар сарайында тұрғындардың сұрақтарына 30-дан астам мемлекеттік органның өкілдері жауап берді. Одан бөлек біріңғай call-орталық жұмыс атқарды, оған тұрғындардан 60 қоңырау түсті.

Облыс әкімі онлайн және офлайн форматта 47 азаматты қабылдап, әрбір мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Барлығы облыс бойынша  қабылдауға 703 адам келді. 

Келушілер  абаттандыру, жол жөндеу, жұмысқа орналастыру, баспана,  коммуналдық және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Барша сұрақтар бойынша ақпарат пен кеңес берілді. Әр сауал бақылауға алынды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЖИ көмегімен мониторинг жүргізеді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *