Петропавлда сегіз сыныптың оқушылары қашықтан оқу үрдісіне ауысты
Петропавлда мектеп оқушылары арасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны артты. Осыған орай бірқатар білім беру ұйымында жекелеген сыныптар уақытша қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың ішінде М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі бар. Бұл оқу орнында 3 сынып онлайн форматқа ауыстырылды. Мәселен, 1 «Ә» сыныбындаға 23 оқушының 9-ы ауырған, 1 «Б» сыныбындағы 24 оқушының 18-і және 8 «Б» сыныбындағы 24 оқушының 10-ы ауырып жатыр. Бұл мектепте қашықтан оқыту 18 қараша басталып, 25 қарашаға дейін созылмақ.
Петропавлдағы №4 орта мектепте де 3 сынып 19-26 қараша аралығында қашықтан білім алады. Мұнда мектепалды даярлық тобындағы 14 оқушының 10-ы, 7 «А» сыныбындағы 24 оқушының 15-і және 1 «Ә» сыныбындағы 8 оқушының 6-ы ауырған.
Қашықтан оқуға Петропавлдағы Бірінші гимназияның 2 сыныбы да кетті. Мұндағы 5 «В» сыныбындағы 23 оқушының 14-і және 9 «А» сыныбындағы 24 оқушының 10-ы ауырып жатыр. Әзірге бұл білім ордасында онлайн оқыту 21 қарашаға дейін бекітілді.
Петропавлда азаматтарды қабылдау күні аясында 703 адам өз сауалын жолдады

