№25 орта мектептің оқушылар онлайн форматта білім алуда
Кеше Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектепте төтенше жағдай орын алды. Электр сымдарының тұйықталуынан оқу ордасында түтін шықты. Құтқарушылардың жеделдігі арқасында ешбір оқушы мен мұғалім зардап шеккен жоқ. Дегенмен білім ошағы басшылығының шешімімен бірінші ауысымда оқитын сыныптар қашықтан білім алу үрдісіне ауыстырылды.

№25 орта мектепте бір ауысымда 500-ден астам бала білім алса, 90 қызметкер жұмыс істейді. Бүгін оқушылар онлайн форматта білім алуға мәжбүр. Оның бірден-бір себебі, кешегі төтенше жағдай болып отыр. Әлі күнге дейін білім ордасында түтіннің иісі бар. Сондықтан әкімшілік сыныптарды қашықтан оқытады.
Айта кету керек, апта сайынғы өртке қарсы дабылқаққыштар қауіпсіз жерге шығару жаттығулар осы жолы көмекке келді. Барлық қызметкерлер мен оқушылар уақтылы эвакуцияланды.

