Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

МӘМС: Петропавлдықтар денсаулықтарын сақтандыруға асық емес

Облыс әкімдігінде өңір басшысының орынбасары Қанат Дүзелбаевтың төрағалығымен аймақ тұрғындарын МӘМСжүйесіне тарту жөнінде өңірлік штабтың отырысы өтті. Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Айнагүл Давлетчина, Петропавл қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау және білім басқармаларының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылығы, денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы филиалының директоры, сондай-ақ өңірдің медициналық ұйымдары қатысты.

Бүгінгі таңда халықты МӘМС жүйесімен қамту 83,3% құрайды. Ай сайын сақтандырылмаған халық санының динамикасы бойынша талдау жүргізіледі. Мәселен, 2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша сақтандырылмаған халық саны 79936 адамды, ал 2025 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша –83232 адамды, яғни өсім 3,2% құрады, оның ішінде облыстың 3 ауданында өсім байқалады: Тимирязев ауданында 6,6%-ға, Ғабит Мүсірепов ауданында 6,4%-ға және Есіл ауданы 4,8%-ға өсті.

Бұдан бөлек, Петропавл қаласы бойынша тіркелген сақтандырылмаған азаматтардың саны үш қалалық емханада–39367, Қызылжар ауданында–7677 және Тайынша ауданында–7194 адам тіркелген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Айнагүл Давлетчинаның айтуынша, 2025 жылдың қазан айында МӘМС мәртебесін жоғалтқан қызметкерлер саны 1884 адамды құрайды. Оның негізгі себебі – жұмыс берушілердің жарналарды уақтылы төлемеуі, сондай-ақ жұмыс берушілер төлем мақсатының дұрыс емес кодын енгізбеуі, яғни жұмыс берушілер МӘМС жарналарының орнына аударымдарды белгілеп көрсетеді. Осыған байланысты, Қанат Дүзелбаев емханаларға тіркелген сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесіне енгізу үшін аулаларды аралау, сақтандырылмағандарға қоңырау шалу арқылы тарту жұмысын күшейту, жұмыс берушілерге МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды уақтылы аударуды, сондай-ақ облыстың мемлекеттік кірістер департаментіне алгоритмге сәйкес жұмыс жүргізуді тапсырды.

СҚО мен Қытай арасындағы байланыс көкжиегі кеңейді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *