Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

Петропавл қаласында «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясындағы кезекті азаматтарды қабылдау өтті. Аймақ тұрғындарына консультативтік және құқықтық қолдауды партияның СҚОФ өкілдері көрсетті.
Қабылдау барысында Кызылжар және Жамбыл аудандарының, сондай-ақ облыс орталығының тұрғындарынан бірнеше өтініш түсті. Атап айтқанда, азаматтар қоғамдық бірлестікті тіркеу рәсімі, жоғары несие жүктемесін азайту мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Тұрғындарға қажетті түсіндірмелер мен ұсынымдар беріліп, қаржылық жүктемені төмендету тетіктері мен зейнетақы төлемдерін қайта бөлу бойынша кеңестер ұсынылды.
Бұдан бөлек, «СК Монолит» ЖШС қызметкерлері атынан жалақы қарыздарына қатысты мәселе көтерілді. Олар су тасқынынан кейінгі төлемдердің кешіктірілгенін жеткізді. Қабылдау нәтижесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу үшін қызметкерлерді жинау және олардың ары қарайғы әрекеттеріне қатысты жазбаша келісімін алу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар Пресноредуть ауылдық округіндегі жер үлестерін бөлу мәселесі қозғалды. Өтініш жұмысқа қабылданып, партия мүшелері уәкілетті органдармен бірлесіп жағдайды зерттейтін болады.
Барлық өтініштер бойынша азаматтарға толыққанды түсіндірмелер беріліп, мәселелерді шешудің келесі қадамдары айқындалды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *