Жарияланған күні: 26.11.2025
СҚО мен Қытай арасындағы байланыс көкжиегі кеңейді
СҚО делегациясы Қытайдың ірі компанияларымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойды.

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ресми сапармен Қытай Халық Республикасына келді. Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтің қолдауымен ұйымдастырылған бұл сапар, Қытайдың жетекші корпорацияларымен экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болып отыр.
Бейжің қаласында Қытайдың ең ірі мемлекеттік және жеке компанияларымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер жүргізіліп, жеті стратегиялық меморандумға қол қойылды.

