Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда тауардың бағасы рубльмен көрсетілді

Петропавл қаласындағы супермаркеттердің бірінде тауардың бағасы ұлттық валюта теңгемен емес, Ресей рублімен көрсетілген. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының тұрғыны баға белгілеу заңнамасының бұзылуына байланысты Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды. Оның айтуынша, қаладағы супермаркеттердің бірінде тауардың бағасы ұлттық валюта теңгемен емес, Ресей рублімен көрсетілген.

 

Түскен өтініш негізінде департамент мамандары сауда нысанына жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Тексеру барысында заң бұзушылық фактісі расталып, баға белгілерінде шетел валютасы көрсетілгені анықталды. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы, себебі тауарлар мен қызметтердің бағасы тек теңгемен көрсетілуі тиіс.

— Тексеру нәтижесінде супермаркет иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, департамент анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріп, сауда орнының басшылығына баға белгілерін заң талаптарына сәйкестендіруді міндеттеді.

Мұндай жағдайлар тұтынушыларды шатастырып қана қоймай, олардың құқықтарын да бұзады. Бағаның шетел валютасымен көрсетілуі есеп айырысуда қиындықтар туғызып, сауда орындарына деген сенімсіздік қалыптастыруы мүмкін, — делінген министрлік хабарламасында.

Заречный кентінің тұрғындары баспаналы болмақ

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *