Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Заречный кентінің тұрғындары баспаналы болмақ

Өткен жылы көктемгі су тасқыны Заречный кентінің тұрғындарын біраз әбігерге салды. Көбі үй-күйсіз қалды. Биыл жылдың соңында оларға пәтер беріледі. Мұны қала әкімі Серік Мұхамедиев мәлім етті. 

Үйлерді су шайып кеткен Ойқала және Былғары зауыты шағын аудандарында аудан әкімдіктері мен кәсіпкерлердің көмегімен 74 сквер пайда болды. Қазір мұнда «Қазақстан халқына» қорының көмегімен футбол ойнайтын екі спорт нысаны салынып жатыр.

— Жыл соңына дейін Заречный кенті тұрғындарының бір бөлігі көшіріледі. 162 пәтерден тұратын жаңа үйлер «Жас Өркен» және «Орталық» сияқты қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарда тұрғызылып жатыр. Оның 90-ны желтоқсан айының басында беріле бастайды. Қалған пәтерлерді келесі жылдың маусымында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде жыл сайын су басу қаупі жоғары ауданнан тұрғындарды көшіреміз, — деді қала әкімі.

Денсаулық сақтау мекемелеріне түскен шағымдар саны 17 пайызға төмендеді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *