Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

2026 жылдан әлеуметтік осал топтар үшін МӘМС-ке жарнаны әкімдіктер төлейді

Баршаға аян, 2026 жылдан бастап, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі біраз өзгеріске ұшырайды. Оның бірі МӘМС үшін жарналарды өз бетінше төлей алмайтын тұрғындар атынан жергілікті әкімдіктер төлейді.

В СКО сохраняется острая потребность в медицинских кадрах

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ СҚОФ ақпаратынша, 2026 жылдан бастап дағдарыстық және шұғыл санаттарға жататын адамдар, яғни D және E санаттарындағы адамдар, сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздар жергілікті атқарушы органдар есебінен медициналық қызметтерді алады. Олар үшін жарналарды жергілікті әкімдіктер осы азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша төлейді.

— Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында халықтың әлеуметтік осал топтарына – 26 312 адам, оның ішінде D санатында – 19 872 және Е санатында – 6440 адам жатады. Сондай-ақ, облыста ресми түрде 4 650 жұмыссыз тіркелген,- дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ СҚОФ директоры Айнагүл Давлетчина.

Бұдан бөлек, сақтандыру мәртебесіне де қатысты өзгерістер енгізілді. МӘМС жүйесінде жарналарды қатарынан кемінде бес жыл төлеген азаматтар енді төлем тоқтатылғаннан кейін алты ай сақтандырылған мәртебесін сақтай алады, бұрын ол 3 ай болатын. Алайда, осы өткізіп алған айлар үшін қарызды өтеуі қажет болады.

Петропавлда бейнекамералар көмегімен қоқыс алаңдары анықталуда

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *