Петропавлдағы мектепте тамақтан жәндіктер табылды
Петропавлдағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының асханасында тамақтан жәндіктер табылды. Орын алған жағдай санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің назарында.

Бұл түйіткіл облыс әкімінің назарында да екені белгілі. Бұл туралы Ғауез Нұрмұхамбетов өзінің жеке парақшасында мәлім етіп, бақылаушы органға тапсырмалар жүктеді.
— СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне өңірдегі барлық білім беру ұйымдарының мектеп асханаларында кешенді тексеруді жүргізу міндеттеді.
— СҚО әкімдігінің білім басқармасына мектеп директорының кәсіби құзыреттілігін тексеріп, білім беру мекемесін басқару сапасына баға беру, сондай-ақ облыстағы барлық мектептердегі тамақтануды ұйымдастыруға қатысты келісімшарттарды тексеру;

