Жарияланған күні: 01.12.2025
Петропавлдағы тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон жабылмайды
Петропавлдағы биыл жабылуы тиіс қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны тағы екі жыл жұмыс істемек. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев мәлім етті.

Қала әкімінің айтуынша, қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ресурсы толық аяқталды. Десе де, жаңа полигонның құрылысына кіріспес бұрын қоқысты тастаймын аумақ болуы тиіс. Ол себепті Петропавлдағы полигон әлі де жұмыс істейтін болады.
— Жаңа полигон салу – басым міндеттердің бірі болып отыр. Нысанды Мамлют тасжолы бойына орналастыру жоспарланған. Жұмыс жобасы әзірленген. Жобаның сметалық құны 8,6 млрд теңге, қазіргі уақытта қажетті келісім рәсімдері аяқталған, сараптамадан өту қалды, — деді Серік Мұхамедиев.
2026 жылдан әлеуметтік осал топтар үшін МӘМС-ке жарнаны әкімдіктер төлейді

