Петроравлда пациенттерге 257 млн. теңгеге жоғары технологиялық ота жасалды
МӘМС — денсаулықты жақсартуға таптырмас құрал. Мұны солтүстікқазақстандықтар жақсы біледі. Бүгіндері өңірде тұрғындар Астана мен Алматы қалаларына шықпай-ақ қымбат медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.

– Жоғары технологиялық операциялар жоспарлы және шұғыл түрде көрсетіледі. МӘМС жүйесі аясында әркімнің қымбат ем алуға мүмкіндігі бар. Шұғыл көмек қажет болған жағдайда сақтандырылмаған тұрғындар ТМККК, ал сақтандырылған мәртебесі барлар МӘМС есебінен ем алады, — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ СҚОФ директоры Айнагүл Давлетчина.
Қор филиалының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері өңір тұрғындарына 257,4 млн теңгеге 41 жоғары технологиялық медициналық ота жасалды. Оның ішінде 155,6 млн теңгеге 25 қызме МӘМС бойынша көрсетілді. Оның ішінде 33 нейрохирургиялық, 8 каридологиялық операция жүргізілді.

