Петропавлдан Түркияға, Ақтауға әуе қатынасы орнай ма?
Облыс тұрғындары мен қонақтары Петропавлдағы әуежайдан Астанаға, Алматыға, Шымкентке және Мысырға ұшу мүмкіндіктері барын ескерсек, алдағы бұл бағыттардың қатарына жаңа әуе қатынастары ашылуы мүмкін. Бұл туралы СҚО әкімі tengrinews.kz тілшісіне берген арнайы сұхбатында айтты.

— Шарм-эш-Шейхқа 10 күн сайын әуе қатынасы ұйымдастырылған. Қазір тағы бір бағыт бойынша рейс ашу қарастырылуда. Ол Ақтау қаласына болмақ. Себебі Ақтау портты қала. Ал біздің кәсіпкерлердің көбі, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы мамандарымыздың басым бөлігі бидайды жеткізу үшін порттармен келісімдері бар. Сондықтан Ақтауға рейс ашу мәселесі шешіліп жатыр, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Облыс әкімінің сөзінше, сұраныс болған жағдайда Петропавлдан Түркияға да әуе кемесі қатынауы мүмкін.

