10 айдың ішінде СҚО-да экономикалық өсім бар
Астанада өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің экономикалық бағыттарының бірі агроөнеркәсіп кешеніне тоқталды. Өңір басшысының сөзінше, қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсімі 13% құрады.

Негізгі салалар оң динамика көрсетті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов хабарлады. Агроөнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің ¼ бөлігін құрайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 878,3 млрд теңгеге жетті, бұл өңірге ел көшбасшыларының үштігіне кіруге және азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
— Өңірде қазақстандық астықтың ¼ бөлігі, майлы дақылдар және сүттің 1/10 бөлігі өндіріледі. Өсімдік шаруашылығында жоғары нәтижелерге қол жеткізілді: 4,3 млн гектар алқап жиналып, майлы дақылдар алқабы 1 млн гектарға дейін өсті. Бұл елдегі ең жақсы көрсеткіш. Майлы дақылдар бойынша тарихи максимум — 1,2 млн тоннаға қол жеткізілді. Биыл облыс бойынша орташа астық түсімі гектарына 21,4 центнерді құрады, ал жалпы өнімділік рекордтық 6,5 млн тоннаға жетті. Кейбір шаруашылықтар гектарынан 60 центнерден жоғары өнім алды, — деді өңір басшысы баспасөз конференциясы барысында.

