МӘМС аясында балаларға тіс импланттары қойылмайды
Әлеуметтік желіде балаларға импланттар тегін салынып жатыр деген мәлімет жалған екені анықталды. Ресми түрде мұны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры айтуда.

Қор ақпаратына сәйкес, балаларға импланттар мен брекеттерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен орнататын пилоттық жоба басталғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. МӘМС жүйесінде тек балаларға жедел және жоспарлы түрде бірқатар стоматологиялық қызметтер, соның ішінде ортодонтиялық көмек қана қарастырылған.
— Естеріңізге сала кетейік, МӘМС бойынша тегін тіс емдеу көмегіне халықтың белгілі санаттары қол жеткізе алады. Атап айтқанда, балалар жедел және жоспарлы стоматологиялық қызметтерге жүгіне алады. Оларға күрделі тісжегіні, пульпитті және периодонтитті емдеу, тіс түбірін пломбалау, тіс жұлу, абсцессті ашу, пластикалық операциялар, пародонт қалталарын санациялау, сондай-ақ алдын алу шаралары -фиссураларды герметизациялау, реминерализация, миотерапия және басқа да қызметтер кіреді. МӘМС жүйесі бойынша сондай-ақ ортодонтиялық көмекті де алуға болады. Ортодонтиялық көмек жақ-бет аумағының туа біткен патологиясы бар балаларға, тіс-жақ аномалиялары бар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі, – деп мәлімдеді Қордың баспасөз қызметі.
Аталған қызмет тізіміне ортодонт кеңесі, туа біткен жақ-бет патологиясы бар балалар үшін ортодонтиялық пластинканы қолдана отырып тіс-жақ аномалияларын түзету, ортодонтиялық коррекция, кешенді бастапқы тексеру, тіс қалыбыналу, сүт және тұрақты тістерді тегістеу, сондай-ақ ортопантомография кіреді.
Туа бітті және жүре пайда болған жақ-бет аймағының деформациялары бар балаларға медициналық көмек стоматолог дәрігердің көрсетілімдері бойынша амбулаториялық жағдайда немесе стоматологиялық және жақ-бет хирургиясы қызметтерін көрсететін медициналықұйымдарда бет-жақ хирург-дәрігері тарапынан көрсетіледі. Барлық аталған қызметтер МӘМСаясында ұсынылады.

