Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 1 мыңнан астам отбасы баспаналы болды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, биылғы жоспар бойынша 332 мың шаршы метр тұрғын үйдің 194 мың шаршы метрі пайдалануға берілген. 1 007 пәтерлік жаңа 15 тұрғын үй салынды.

Сонымен қатар, өңірде цифрлық инфрақұрылым дамуда. Президенттің тапсырмалары аясында энергетика және ТКШ саласын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, биыл Тайынша қаласында 4,5 км жылу желісін модернизациялау жұмыстары аяқталуға жақын, жобаның құны – 730 млн теңге.
Өңірде жылыту маусымына дайындық жұмыстары ауқымды жүргізілді: 1,5 мың км электр желісі жөнделді, 13 км жылу желісі жаңартылды, 5 км су құбыры желісі жаңғыртылды, Петропавл ЖЭО‑2-де №1 мұржасының құрылысы аяқталды.

— Биыл өңірде су құбыры жүйесін дамытуға рекордтық 74 млрд теңге бағытталды. Бұл көрсеткіш өткен үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 2 еседен астам. Айта кету керек, оның 45 млрд теңгесі қайтарылған активтер есебінен жұмсалды, – деді өңір әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *