Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да өнеркәсіп саласында өсім байқалады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің Астанада Орталық коммуникациялар брифингіне қатысты. Оның айтуынша, соңғы 2 жылда өңірде өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,5 есе өскен. Өсу өнеркәсіп кәсіпорындарының тапсырыс портфелінің артуына байланысты қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіштің ішінде өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 86%-ды құрайды. 

Жарқын мысалдардың бірі – «ЗИКСТО» ЖШС-нің жолаушылар вагондары мен вагон-платформаларын шығаратын жаңа зауыты. Жобаның инвестициялық көлемі 24,3 млрд теңге, жылдық қуаты – 3 200 бірлік. Өндірілген вагондар республикадағы теміржолдарда қолданылады.

— Өңірде жалпы құны 894 млрд теңге болатын 51 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, 7,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тартылған тікелей инвестициялар көлемі жылдық жоспардан 2 есе артық болды, – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, қаржы тартудағы негізгі орталық – «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы. Оның географиясы өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін ескере отырып кеңейтіліп, ауылдықг аймақтарда екі жаңа субаймақ құрылды.

Маңыздысы, өңірге ДСП және ЛДСП плиталарын, тракторлар мен қосалқы ауыл шаруашылығы техникасын, кондитерлік өнімдерді өндіру жобаларын жүзеге асыратын тек ірі шетелдік компаниялар ғана келіп отырған жоқ. Сонымен қатар, отандық инвесторлар да белсенділік танытып, саңырауқұлақ фермасы мен компост зауытын іске қосты.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *