Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Имантау–Шалқар курорты 2027 жылға дейін жаңғыртылады

Солтүстік Қазақстан облысында туризм саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Имантау–Шалқар курорттық аймағында бүгінде 4 мыңға жуық орынға арналған 46 демалыс нысаны жұмыс істейді, олардың 9-ы жыл бойы қызмет көрсетеді.

Қазір жалпы құны 3,3 млрд теңге болатын заманауи жыл он екі ай жұмыс істейтін эко-қонақүйлер мен глэмпингтер салуға бағытталған 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оларды 2026–2027 жылдары аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымы дамуда: соңғы екі жылда жергілікті бюджет есебінен 1,7 млрд теңгеге 20,1 км жол жөнделді.

— Демалыс орындарын сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық интернет желісі тартылуда. Туристердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: курорттық аймақта туристік полиция жұмыс істейді, Шалқар және Имантау көлдерінде екі модульдік құтқару бекеті орнатылды, жағалауды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалысы үшін жағдайларды тұрақты бақылау қамтамасыз етілуде, — дейді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *