Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қырылған құс үшін өтемақы төлене ме?

Қызылжар ауданында 7 мыңға жуық үй құсының қырылғаны белгілі. Бұл мәселеге қатысты сұрақты облыс әкіміне журналистердің бірі жолдады. 

Рост 13%: СКО укрепляет позиции в пятёрке регионов-лидеров

Тілші қырылған құс үшін өтемақы беріле ме деген сұрақ қойды. Өз жауабында әкім 21 аулада 7236 құстың қырылғаны айтты, олардың басым бөлігі — қаздар (98%). Сондай-ақ күркетауықтар, үйректер және басқа да үй құстары бар.

— Ветеринария туралы заңға сәйкес, құстарды Ұлттық референттік орталыққа тапсырамыз. Бүгін пастереллез диагнозы қойылды. Қазір ауылда облыстың эпизоотияға қарсы қызмет жасағы жұмыс істеп жатыр. Қажетті шаралар жүргізіліп, қырылған құстың шамамен 90%-ы жойылды, — деді Ғ. Нұрмұхамбетов.

Оның айтуынша, пастереллез диагнозы қойылған жағдайда өтемақы қарастырылмаған.

— Бірақ біздің тәжірибемізде бұған ұқсас жағдай Бугровое ауылында да болған. Сол кезде аудан әкіміне тауар өндірушілермен бірлесіп, қаржылық қаражат көзін табу тапсырылды. Сол ауылдағыдай, пастереллез диагнозы расталған жағдайда құстың құнының кемінде 50%-ын өтеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, — деді облыс әкімі. 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *