СҚО әкімі депутаттарға есеп берді
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің дамуы туралы облыстық мәслихат депутаттары алдындақ есеп берді. Атқарылып жатқан барлық жұмыс Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асыруға және тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

СҚО әкімінің айтуынша, аграрлық секторды нығайту, өнеркәсіптік әлеуетті арттыру және инвестиция тарту бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты назарда болып отыр. Ең алдымен жолдарды жөндеу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды құрылысын жандандыру екен.
— Инфрақұрылым бағытында да ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. 76 шақырым инженерлік желі жөрделді, үш қосалқы станция қайта жаңғыртылды, 1,5 мың шақырым электр желісі мен 13 шақырым жылу желісі жөнделді. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге рекордтық 74 млрд теңге бөлінді. 1,1 мың шақырым автожол жөндеуден өтті. «Петропавл – Жезқазған» және «Мамлютка – Қостанай» бағыттарындағы учаскелер он жылдан бері алғаш рет кешенді жөндеумен қамтылды, — деді облыс әкімі.
Депутаттар өңірдің өзекті әлеуметтік мәселелерін көтеріп, сауалдарын қойды. Бұл талқылаулар алдағы жұмыстың басымдықтарын нақтылауға көмектеседі.

