Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ның үздік емханалары анықталды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «МСАК көшбасшысы» байқауын қорытындылады. Конкурстың басты мақсаты – медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру.

«ӘМСҚ» КеАҚ СҚОФ мәліметінше, биыл байқау тамыздың 1-і мен қарашаның 30-ы күндері аралығында өтіп, оған 19 емхана қатысуға ниет білдірді. Олардың 13-і аудандық және 6-уы қалада шоғырланған емдеу мекемелері болып отыр. Қатысушылардың арасында жеке меншік емханалар да бар.

«МСАК көшбасы» конкурсының қорытындысы бойынша үздік медициналық мекеме анықталып, оларға дипломдар, кубоктар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Жүлдегерлер: 
1-ші орын – «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
2-ші орын – «Ақжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
3-ші орын – «Уәлиханов аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *