СҚО-да әлеуметтік осал топтар санатына 31 мыңнан астам адам жатқызылған
2026 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап МӘМС туралы заңға өзгерістер енгізіледі. Заңнама бойынша әл-жуаз топтарға жатқызылған азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейтін болады. Бұл туралы «ӘМСҚ» КеАҚ СҚОФ басшысы Айнагүл Давлетчина мәлім етті.
Жергілікті филиалдың басшысы Айнагүл Давлетчиинаның айтуынша, өңірде 90 мыңға жуық адам МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Оның 31 мыңнан астам Д және Е категориясына, яғни әлеуметтік осал топтарға жатқызылған. Бұл санаттағы адамдар өз бетінше МӘМС-ке жарнаны аудара алмайды. Сондықтан бұл міндет жергілікті атқарушы билік органдарына жүктелген.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жарналарды қатарынан кемінде 5 жыл төлеген азаматтардын төлемдерді уақытша тоқтатқан кезде «Сақтандырылған» мәртебесі 6 ай бойы сақталады.
— МӘМС жүйесінде төлемдерде уақтылы төлеп жүргендерге жеңілдік қарастырылған. Мәсалға, қазіргі уақытта сақтандырылған статусы 3 айға жарамды болып есептеледі. 2026 жылдан бастап, бұл мерзім 6 айға дейін беріледі. Десе де, азамат жұмысқа орналасқаннан кейін берешегін өтеуі қажет, — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалының директоры Айнагүл Давлетчина.
Айта кету керек, МӘМС жүйесінде 15 жеңілдік санаты бар. Олардың бірі — студенттер.
— Күндізгі бөлімде оқитын студенттерге, оның ішінде шетелде оқитындарға қатысты сұрақтар көп түседі. Олар жеңілдік санатқа жатқызылған. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. МӘМС бойынша кеңес алу үшін 1414 Call-орталығына немесе Қордың филиалына 55-51-64 телефоны бойынша хабарласуға болады, — деді спикер.

