Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыстың Құрметті азаматы өмірден озды

Н.Погодин атындағы орыс драма театрының әртісі, СҚО Құрметті азаматы Людмила Турпаян өмірден өтті. Сахна майталманының өңірдің мәдениет саласына сіңірген еңбегі өлшеусіз. 

80 жасқа қараған шағында көрнекті театр актрисасы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Людмила Николаевна Турпаян өмірден өтті. Марқұмның туыстары мен жақындарына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көңіл айтты.

— Людмила Николаевна бүкіл ғұмырын театр өнеріне арнады. Оның көпжылдық шығармашылық жолы Н. Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрымен тығыз байланысты болды. Жылдар бойы театрдың жетекші актрисасы болып, көрермендердің шынайы сүйіспеншілігіне бөленді. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Людмила Николаевнаның жарқын бейнесі мен есімі облысымыздың тарихында мәңгі сақталады,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *