Жарияланған күні: 10.03.2026
Петропавлда спиртті заңсыз сатқандар анықталды
Петропавлда полицейлер гараждардың бірде спиртті заңсыз сатудың фактілерін анықтады. Тәртіп сақшылар жауапты азаматтарды анықтап, әкімшілік жазаға тартты.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер бес литр болатын 30 пластик бөтелкені және 0,5 литрлік сегіз шыны бөтелкедегі спирт құрамды өнімді тәркіледі. Сонымен қатар гараждан 500 қорап темекі табылып, алынды.
Заңсыз сатылған барлық тауарда акциздік маркалар да, тұтынушы үшін қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттар да болмаған.
Полицейлер заңсыз тауарлар иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мұндай суррогат алкогольді тұтыну құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың жасалу қаупін тікелей арттырады.


