Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да су тасқынына қарсы бригадалар құрылды

Көктемгі су тасқыны кезінде СҚО аумағында 13 арнайы бригада кезекшілік атқармақ. Техникамен жарақтандырылған құтқарушылар тәулік бойы жаңдайды бақылауда ұстамақ. Бұл мақсатқа 119 бірлік техника қарастырылмақ.  

Өткен жылы су тасқынына қарсы бірқатар шаралар жасалды. Нәтижесінде тілсіз жау айтарлықтай шығын келтірмеді. Бірқатар жобалар да былтыр атқарылды. Мәселен, Шал ақын ауданында республикалық маңызы бар «Жезқазған – Петропавл» автожолының 746-785 шақырым учаскесіне орташа жөндеу жүргізілді. Жоба аясында су өткізу құбырлары да жаңартылды. Жұмысқа 3,9 млрд теңге жұмсалды.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда осы автожолдың 624-649 және 656-670 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмысы атқарылып, су өткізу жүйелері қалпына келтірілді. Бұл жобаның құны 4,4 млрд теңгеден асты.

«Петропавл қаласын айналып өту жолының» 27 шақырымында төрт көзді жаңа су өткізу құбыры орнатылып жатыр. Жобаның жалпы құны – 196,6 млн теңге. Бұдан бөлек, су тасқыны қаупі бар учаскелерде су өткізу құбырларын жөндеу жұмыстары жалғасқан. Мұндай жұмыс «Булаев — Возвышенка – Молодогвардейская – Киров -– Қиялы – Рощинская» автожолының 210 шақырымында және Тимирязев ауданындағы «Волошинка – Сергеевка – Тимирязев» жолының бірқатар учаскесінде атқарылып жатыр.

«ҚАЖсервис» компаниясының облыстық филиалы да дайындық жұмыстарын бастады. Жоспар бойынша 40 мың тоннадан астам ұсақ тас, 2700 тонна құм, 52 мыңнан астам қап әзірленеді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *