Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да электр қуаты тарифі өзгере ме?

2024 жылдан бері халық үшін электр энергиясының тарифі өзгеріссіз қалып отыр. Ал 1 сәуірден бастап электр энергиясын сатуға жаңа шекті баға енгізілгенімен, бұл негізінен басқа тұтынушыларға қатысты.

Халыққа ол әсер етпейді. Тұрғындар үшін базалық тариф бұрынғы деңгейде — әр кВтсағ үшін 17,14 теңге (ҚҚС-сыз), ал салықпен бірге 19,88 теңге болып қалады.

Сонымен қатар, электр энергиясына төлем тұтынған көлемге байланысты есептеледі. Мысалы, сараланған тарифпен электр плитасын қолданбайтын тұрғындар айына 70 кВтсағ дейін пайдаланса, әр кВтсағ үшін шамамен 19,22 теңге төлейді.

Егер тұтыну көлемі 70 пен 150 кВтсағ аралығында болса — 23,86 теңге, ал 150 кВтсағ-тан асса — 29,82 теңге төлейді. Ал электр плитасын қолданатындар үшін жеңілдік бар: 90 кВтсағ дейін — 18 теңге, 90-170 кВтсағ аралығында — 23,86 теңге, ал 170 кВтсағ-тан жоғары болса — 29,82 теңге төлемек. Компания осылайша халыққа қосымша қаржылық жүктеме түсірмей, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауды көздеп отыр.

Ал жаңа тарифтер негізінен басқа санаттағы тұтынушыларға қатысты. Мәселен, электр энергиясын тұрмыстық емес мақсатта пайдаланатындар — кәсіпкерлік нысандар, ұйымдар және т. б. үшін баға 32,04 теңге, ал ҚҚС-пен бірге 37,17 теңге болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *