Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Әкімдер мен депутаттарды оқыту басталды

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар, мәслихаттар және партиялық құрылымдар өкілдерінің басқарушылық, стратегиялық және коммуникациялық құзыреттерін дамытуға бағытталған модульдік бағдарлама бойынша оқыту басталды. Ауқымды білім беру бағдарламасының басталуына «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты.
Қатысушылар қатарында партия филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдардың әкімдері, сондай-ақ партия қызметкерлері мен бастауыш партия ұйымдарының мүшелері бар. Солтүстік Қазақстан облысынан оқуға 135 адам қатысуда. Жалпы алғанда, оқытудан 2,5 мыңнан астам адам өтеді.
Бағдарлама мемлекеттік және қоғамдық-саяси басқарудың негізгі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, тыңдаушылар заманауи көшбасшылық модельдерін, өңірлік дамудың тетіктерін, салық жүйесі мен бюджет саясатын, сондай-ақ халықпен тиімді коммуникация орнату және саяси науқандарды ұйымдастыру құралдарын меңгереді.
Оқыту кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, теориялық және практикалық дайындықты ұштастырады. Бірінші кезең мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзекті сын-қатерлерді кешенді түсінуге бағытталған дәрістер мен стратегиялық сессияларды қамтиды. Екінші кезең тәжірибеге бағытталған: қатысушылар қолданбалы құралдармен жұмыс істеп, өңірлерді дамыту бойынша жобалық шешімдер әзірлейді. Қорытынды кезеңде тыңдаушылар жергілікті жерлерде іске асыруға арналған нақты бастамалар мен шешімдерді ұсынып, жобаларын қорғайды.
Бағдарламада салық саясаты мен бюджеттеу мәселелеріне ерекше назар аударылған — салық жүйесінің құрылымынан бастап түсімдерді бақылау және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға дейін. Сонымен қатар дағдарыстық коммуникациялар, халықпен жұмыс істеу және ашықтық арқылы сенімді арттыру бағыттары қарастырылған. Оқыту ағымдағы жылдың қазан айына дейін жалғасады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *